Талғар ауданында теннис клубы отқа оранды

cover Фото: ТЖМ

Талғар ауданының Бесағаш ауылында әкімшілік ғимарат пен жеке теннис клубы отқа оранды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алматы облысының Бесағаш ауылында әкімшілік ғимарат пен жеке теннис клубының құрылыстары отқа оранды. Өрт 1000 шаршы метрден астам аумақты қамтып, көрші үйге қауіп төндірді.

«Талғар ауданының Бесағаш ауылында жеке теннис клубы аумағында әкімшілік ғимарат, тенттен жасалған каркасты құрылыс, теннис кортының жабыны мен  күмбезі өртенді», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар