Талғар ауданында 19 жастағы жігіт қылмыстық топты басқарған
Фото: freepik.com
Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Polisia.kz-тің мәліметінше, Талғар ауданы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны бопсалаумен айналысқан. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз да бар. Әуелі қыз құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кіреді екен. Кейін өзін «ағаларым» деп таныстырған бір топ жас жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастайды. Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап етеді. Кейде ұрып-соғады екен.
6 ақпанда қылмыстық топтың құрбаны 24 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болған. Оны бопсалаушылар күштеп ұстап, жеке құжаттары мен көлік құжаттарын тартып алған. Сондай-ақ 100 000 теңге аударуды талап еткен. Бұған қоса олар жәбірленушіні қорқытып, тағы 1,4 млн теңге беруге мәжбүрлемек болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мүшелерін анықтап, ұстады. Олардың үстінен бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жалпы саны жеті адам полицияға жеткізілді, оның төртеуі негізгі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жалғасып, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?