Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
Фото: Бейнеден кадр
Талдықорған тұрғыны әйелі мен үш жастағы қызын аяусыз соғып, жантүршігерлік жағдайға жеткізді. Әйел мен бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты адамшошырлық бейнежазба тарады.
«Талдықорғанда әкесі кішкентай баласын және әйелін аяусыз ұрған. Ана мен бала облыстық балалар ауруханасында жатыр», деп жазылған бейнежазба сипаттамасында.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, күйеуі оларды мас кезінде ұрып-соққан. Оқиға Талдықорғанда болғаны нақтыланады.
Полиция тарапынан бұл ақпарат расталды. Күдікті ер адам ұсталып, қамауға алынды. ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жетісу облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, үш жасар баланың зорлық белгілері бар жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілгені туралы хабар 102 арнасына сағат 21:00-де түскен.
Ведомство оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын, ал тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауына алынғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, РФ тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысы бар тұлғалардың Мәскеуде болуы мүмкін деген нұсқаны тексеруді тапсырды.
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты