«Талақ беру, жезөкшедей қолға өту»: Мешітте «уақытша некеге» ұсыныс түскен қыз «сыншыл» имамдарға жауап берді
Коллаж: Orda.kz
Мешітте бойжеткенге жасалған «бір реттік неке» туралы ұсыныс қоғамда дау тудырды. Жәбірленуші заң бұзған адамның әрекетін қолдағандарға қатысты тексеру жүргізу қажеттігін айтты.
Ақтөбедегі орталық мешітте бейнежазба түсіріп, қоғам назарын аударған Эммануэлла Наурызбаева соттан кейін Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп, өзекті мәселелерді ашық айтты.
Айтуынша, мешітте әдепсіз сөздермен тиіскен ер адамның әрекетін бірнеше адам көрсе де мән бермей өтіп кеткен.
«Бұл жағдайды бейнежазбаға түсіріп, желіге салдым. Қоғамдық пікір тудырғым келді. Себебі қолымдағы дәлелдермен мешіт қызметкеріне барған кезде ол мән бермеді. «Ештеңе етпейді, үндемей кете бер» деп көңіл бөлген жоқ. Шындықты айтайын, бұл жағдай болып жатқан жерде ер адамдар болды. Қорғаған жоқ. Олар бәрін көріп тұрды. Қалыпты жағдай секілді қабылдады. Өте өкінішті, әрине. Кеше сот болды. Сотта бұл адамның бұрын да заң алдында жауапқа тартылғаны белгілі болды. Маған «сен хайп үшін жүрсің» деп жатқандар бар. Ол адамның маған зорлық көрсеткенін күтуім керек па? Бейнежазба дәлел болу үшін түсірдім. Әйтпесе мен өзімді қалай қорғай аламын?! Үндемей қалып па? Біз әлі күнге дейін қыздар өзін қауіпсіз сезіне алмайтын ғасырда тұрып жатырмыз ба?», — деді оқиғадағы жәбірленуші.
Эммануэлла Наурызбаева 23 жаста. Ақтөбе қаласынының тумасы. Әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатын блогер Алматы қаласында жұмыс істейтінін баяндады. Айтуынша, өзінен көмек сұрап, ер адамдардан қысым көретінін жазатын қыздар аз емес.
«Маған орамал киген қыздар «Сен біз секілді орамал киген қызсың, сен неге үйден шығасың?», «мешітке неге барасың?», «сенің орамалың ашық түсті, күйеулеріміздің көзін өзіне қаратады» деп жазып жатыр. Мен қара жамылып жүруім керек па? Қыздардың өмір сүруін қиындатпау керек деп ойлаймын. Біз неге ер адамдардың өзімізді қорлауына жол береміз? Бізде заңды құжатсыз неке қию үйреншікті жағдай секілді. Заңды некені «харам» деп «мешітте ғана қидыр, Алланы ғана мойында» дейтіндер бар. Ер адамдар қыздарды осылай пайдаланады. Көбісі оны ашып айта алмайды. Қыздарға талақ беріп тастап кетеді. Қыздар жезөкше секілді қолдан қолға өтеді. Осындай жағдайды айтып, қаншама қыз көмек сұрады. Бала туып, шарасыз қалған қыздар аз емес. Ер адамдар жауапкершілік алмайды. Барлық проблема, қиындықтың ортасында әйел қалады», — деді Эммануэлла Наурызбаева.
Жәбірленуші уақытша некеге қатысты мәселеге құзырлы органдардың назар аударуын сұрайды.
«Мен бұл жайға мемлекеттің құзырлы органдардың назар аударуын сұраймын. Дінді жамылып ақталудың керегі жоқ. «Сен мұсылман қызсың, үндеме» деу дұрыс емес. Әйел - ана. Оны қорға, сыйла. Қазір қоғамда жалғызбасты әйел көп. Ер адамдардың арасында мұндай мәселе жоқ», — деді ол.
Сонымен қатар жәбірленуші болса да, оған қарсы уәж айтқандарға қатысты ойын айтты.
«Қазір мені «ислам дінін қорлап жатсың» деп кінәлап жатқандар аз емес. Дін жолындағы ұстаз да, басқа да қылмыс жасаған адамды қорғап жатыр. Мүмкін олардың да мұндай әрекетке қандай да бір қатысы бар шығар. Бұл тақырып олардың жанды жері шығар. Мен бейнежазба арқылы мешіттердің бәрін қадағалауды, тексеруді сұрадым. Олар шулап қоя берді. Бетке ұстар ұстаз мен туралы «ақылсыз» деген пікір айтты. Олар мені кінәлайды. «Ислам дінін балағаттап жатырсың» деп айыптады. Ол адам ел алдында маған буллинг жасап жатыр деп ойлаймын. Заңсыз әрекет жасаған адамды қорғап тұр. Ауызындағы сөзіне мән бермесе, айтар сөзін ақылға салмаса қандай ұстаз? Бір гәп бар. Мүмкін олар да таза емес шығар. Біз зайырлы мемлекетпіз. Қазақстан егемен ел. Біздің сөйлеуімізге, жүріп-тұруымызға, қандай киімде болуымызға, пікір білдіруімізге тыйым салынбаған. Көзі ашық халықпыз», — деді ол.
Ал Ақтөбе облысының бас имамы мешіттерде қауіпсіздік шарасына көңіл бөлінетінін айтты.
«Шариғатта, дәстүрімізде уақытша неке деген түсінік жоқ. Бұл исламға жат. Неке — адалдық пен беріктік. Қазақ «ақ неке» деп ерекше айтады. Қазір өзім еңбек демалысындамын. Барлық мешіттерде қауіпсіздік шараларына назар аударуға көңіл бөлінетін болады», — деді Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев.
Айта кетейік, Orda.kz Ақтөбедегі мешітте бойжеткенге «бір реттік неке» ұсынып, қырыңдаған ер адамның 5 тәулікке қамалғанын жазды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Теңіз бен Королевское кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
- Жаркентте баласын байлап сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
- Алматыда үй иесін байлап, қарақшылық қылған 2 адам ұсталды
- «Терезеден жағылған қанды көрдік»: Талғарда әйелін өлтірді деген күдіктіге қатысты тың деректер
- Талғардағы аурухана барған қыздың жұмбақ өлімі: ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
- Жаңаөзен қаласында көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 ауыр жарақат алды
- «Бұл – жаңа саяси модель» — Тоқаев ірі реформа туралы айтып, Құрылтайда нақты идея ұсынылатынын меңзеді
- СҚО-да өртеніп шатыры құлаған үйден 5 жасар қыздың денесі табылды
- Трамп Тоқаевты Газадағы бейбітшілік кеңесіне шақырды
- Философ Дугин Қазақстан тәуелсіз ел бола алмайды деп мәлімдеді
- Шымкенттегі университетте қаржы жымқыру ісі сотқа жолданды
- Жаркентте баласын жылыту батареясына байлап өлімші етіп сабаған әйел ұсталды
- Иран билігі наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапқанын хабарлады
- Айына 145 мың теңге алатын қазақстандықтар жеке табыс салығынан босатылады
- Құтқарушылар Атырау облысында қар құрсауынан екі адамды құтқарды
- Үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқандар мен ТК жарнамалағандарға айыппұл айтарлықтай өсті
- Қарағандыда екі әйел есірткінің ірі партиясымен ұсталды
- Қазақстан шекаралық және логистикалық қызметтердің цифрлық форматын ұсынды
- 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы AusOpen бастала салысымен тарихи нәтижеге жетті
- Рамзан Қадыров ұлының апатқа ұшырағанын жоққа шығарып, оған кезекті марапат берді