Талғарда жүргізуші өлім аузында жатқан адамды жол жиегінде тастап кеткен

cover

Алматы облысының Талғар қаласында 18 жастағы жігіт көлік астын түсіп, мерт болды. Күдіктілер оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әлеуметтік желіде Талғар қаласындағы Менделеев көшесінің бойында жаяу жүргіншіні қағып кеткені бейнеленген видео тарауда.

Жол апаты кезінде марқұм жарықтандырылмаған көшенің жиегімен келе жатқан. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Оның қасында тағы екі жолаушы болған.

Жүргізуші сынған алдыңғы терезесін шағып, Қарасай батыр көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің жанында лақтырып кеткен.

«25 қазан күні сағат 20:30 шамасында Талғар қаласында жол апаты орын алды. Тергеу кезінде жүргізуші Менделеев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, жол жиегінде келе жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды» деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті Талғар ауданының ІІБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тіркелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар