Тайланд мейрамханасында шатасып үш миллион теңге төлеген адам іздестірілуде
Әйгілі мейрамхана қызметкерлері нақты есепшоттағы 2 000 баттың орнына абайсызда 200 000 баттан астам (үш миллион теңгеге жуық) аудара салған тұтынушыны іздеп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz thethaiger.com сайтына сілтеме жасап.
Мейрамхана Facebook желісінде тұтынушыға арнап жазба жариялады:
«Біз кеше (3 қараша) Neua Luan Luan мейрамханасының Ratchaphruek филиалында кешкі сағат 19.50-де тамақтанған тұтынушыны іздейміз. Клиент 2хх ххх бат артық соманы аударды. Бұл хабарламаны көрсеңіз, бізге электрондық пошта арқылы немесе 095-527-8298 нөміріне қоңырау шалыңыз. Рақмет сізге!» деп жазды олар.
Пост аса қызығушылық тудырып, көптеген адамдар клиентті табуға көмектесу үшін онымен бөлісті. Кейбір қолданушылар бұл адам бай болғандықтан қатені байқамауы мүмкін деп те әзілдеді.
Басылымның мәліметінше, нақты есепшот 2 020,91 бат болған, бірақ клиент ақша аудару кезінде қателесіп 202 091 бат жіберген. Енді мейрамхана қызметкерлері банкке хабарласып, оның қызметі арқылы жағдайды шешуге тырысуда.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?