Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

cover Фото: ҚР СІМ

Таяу Шығыс аймағынан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеп  Orda.kz хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, эвакуация басталғаннан бері резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 7300-ден астам Қазақстан азаматы елге аман-есен оралды.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды шығару Әзербайжан, Армения және Түрікменстан мемлекеттерінің құрлықтағы шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс ұстап отыр.

Еске салайық, 28 ақпанда Израиль Тегеран қаласына соққы жасады. Соғыстың басталуына байланысты Қазақстаннан Таяу Шығысқа бағытталған бірқатар әуе рейстері тоқтатылды, оның ішінде Астана қаласынан ұшатын кейбір рейстер де бар. АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы өңірдің бірнеше еліне әсер етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен қатар СІМ Ирандағы қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді ұсынды. Қазақстанда Таяу Шығыстағы азаматтар үшін арнайы авиациялық байланыс орталығы ашылды.

Оқи отырыңыз:











Жаңалықтар

барлық жаңалықтар