Таяу Шығыс елдерінен 1900-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

cover Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейген аймақтан өз азаматтарын эвакуациялаудың кезекті кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 25 маусымда Қазақстанның Израиль мен Египеттегі елшіліктері 37 адамды, соның ішінде Қырғызстан мен Ресейдің 13 азаматын эвакуациялады. 26 маусымда бұл топ SCAT әуе компаниясының Каир — Шымкент бағыты бойынша ұшқан рейсімен Қазақстанға аман-есен жетті. Қақтығыс шиеленісе түскен сәттен бастап Израильден барлығы 103 адам эвакуацияланды.

Ираннан 233 Қазақстан азаматы сәтті эвакуацияланды. Олардың ішінде 135 адам Түрікменстан арқылы, 25 адам Әзірбайжан арқылы, 73 адам Армения арқылы елге оралды.


«23–25 маусым аралығында әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде болған көптеген Қазақстан азаматтары дер кезінде елге орала алмады. Аталған елдердегі ҚР шет елдердегі мекемелері туындаған мәселелерді шешу және отандастарымыздың тез арада Отандарына қайтуына жан-жақты консулдық-құқықтық және өзге де көмек көрсетті. 24–27 маусым аралығында елдің дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен Катар мен БАӘ-ден 1900-ден астам азамат Қазақстанға қайтарылды», деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Жақында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеуді қолдайтыны туралы ресми мәлімдемеде  жасады.

 
АҚШ әскери-әуе күштерінің Иранға жасаған шабуылынан кейін бірінен соң бірі әлем көшбасшылары, халықаралық ұйымдар мен ведомство басшылары өз пікірлерін білдірді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар