Таиланд теңізінен 18 жастағы қазақстандықтың денесі табылды
Қайтыс болған жас жігіт бастапқыда Ресей азаматы деген болжам болғанымен, кейін оның Қазақстаннан екені белгілі болды.
Аралдың солтүстігіндегі Най Ян жағажай аймағында жоғалып кеткен турист туралы Пхукет туристік полициясы 1 қыркүйекте хабарлады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, билік бұл ресейлік турист болуы мүмкін деп мәлімдеген.
Сол күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылған іздеу-құтқару операциясы қайта басталды. Қатты толқын тұрып, жаңбыр жауды.
Кейін полицейлер мәйіт қазақстандық туристікі екенін айтты.
Айта кетейік, Тайландта сәуірден қарашаға дейін созылатын жаңбырлы маусым кезінде теңізде туристер өлімі жиілеген. Демалушылар құзырлы орындар мен құтқарушылардың теңіз толқыны салдарынан жағажайларда көтерілген қызыл жалаулармен суға түсудің қауіптілігі туралы ескертулеріне жиі мән бере бермейді.
Таиландта жаңбырлы маусымда әсіресе кері ағыстар жиі кездеседі, олар жағалауға түзу сызықпен жүзуге мүмкіндік бермейді, сондықтан құтқарушылар қауіпті аймақтан біртіндеп шығып, оңға немесе солға қарай қатарласа жүзуді ұсынады.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?