Тағы 40 миллиард теңгенің активтері ерікті түрде мемлекет кірісіне қайтарылды

cover Фото: Үкімет

29 сәуірде заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысында «жалпы сомасы 40 миллиард теңгеден астам заңсыз алынған активтерді ерікті түрде мемлекетке қайтару» туралы келісімдер бекітілді.

Бұл туралы Үкімет хабарлады.

Оның 38 миллиардтан астамы қолма-қол ақша, қалған 2 миллиард теңгесі Астанадағы бизнес орталығы екені көрсетілген, бірақ қайсысы нақтыланбаған.

«Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, соның ішінде су тасқыны зардаптарын жоюға жұмсалады» деп атап өтті үкімет.

Сонымен қатар, құны 7 млрд теңге болатын инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданғаны, оның аясында «Заңсыз қайтару туралы» заңмен қамтылған тұлғалар арқылы Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылымдық нысан салынатыны хабарланды.

«Бұл жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтті министрлер кабинеті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар