Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қандай қылмыскерлерге рақымшылық жасалады

cover

«Ашық НҚА» порталында 5 наурызға дейін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы жария талқылауға шығарылды.

– Заң жобасының мақсаты жазадан толық немесе ішінара босату, жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту, жеке анықталмаған адамдар тобына қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың санын азайту. Жобаға түсіндірме жазбада нақтыланады.

Осылайша, әлеуметтік осал адамдар қылмыстық жауапкершіліктен және негізгі жазадан босатылады:

  • «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында айқындалған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері;
  • қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмаған адамдар;
  • осы Заң қолданысқа енгізілген күні елу жасқа толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс жасқа толған және одан жоғары жастағы ерлер;
  • Заң қолданысқа енгізілген кезде жүкті әйелдер;
  • ата-ана құқықтарынан айрылмаған балалары бар, оның ішінде асырап алынған не қорғаншылықта және (немесе) қамқоршылықта жүргендер, осы Заң қолданысқа енгізілген күні он сегіз жасқа толмаған не қылмыс жасаған және сотталған кездегі жасына қарамастан мүгедек балалар асырауында болған әйелдер;
  • Заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы және ата-ана құқықтарынан айрылмаған ерлер;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуға жататын адамдар:

  • қылмыстық теріс қылық және (немесе) онша ауыр емес қылмыс жасағанғандар;
  •  қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалдары және басқа да талап-қарыздары жоқ немесе оны толығымен өтегендер.

Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар:

  • кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық қылмыс жасағандар;
  • террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар;
  • азаптаулар, сондай-ақ қылмыс қайталануы қаупі бар азаматтар;
  • нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері;
  • жас балаларды азғындату;
  • жеке адамға қарсы ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыс жасағандарға; 
  • ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға;
  • бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға;
  • қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға; 
  • адамның, екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан заң бұзумен байланысты абайсызда қылмыстар жасағандарға;
  • және тағы да басқалар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар