Төрт ай жалақы алмаған автобус жүргізушілері ереуілге шықты

cover

Талдықорғанда екі көлік паркінің жүргізушілері ереуілге шықты.

Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Рейске бірден 11 бағытқа қызмет көрсететін 70 автобус шықпады.

Жүргізушілер оларға төрт айдан бері ала алмай жүрген жалақыларын төлеуді талап етті. Сонымен қатар, алты ай ішінде олардың жұмыс берушісі зейнетақы жарналары мен ММК қорына төлемдер жасамаған.

Скриншот

– Жағдай мәз емес. Біздің бәрімізде басқалар сияқты отбасыларымыз - несиелер мен қарыздар бар. Бірнеше айдан бері жалақымыз төленбегеніне қарамастан, біз кешеге дейін өз жұмысымызды адал атқардық, - деді жүргізушілердің бірі.

Ереуілшілерге қала әкімдігінің өкілдері келді. Келіссөздерден кейін автопарк қызметкерлеріне бір айлық жалақы төленді. Ақшаны алғаннан кейін жүргізушілер жұмысқа кетті.

Талдықорған қаласының әкімдігі қаладағы автопарк қызметкерлеріне жалақы қарызы олардың кінәсінен емес екенін айтты.

– Алматы облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаменті, Талдықорған прокуратурасы және аталған компаниялар басшылығының қатысуымен кездесу өткізілді. Содан кейін аталған кәсіпорындардың қызметін тексеру туралы шешім қабылданды, - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар