Түркістанда 4 баланың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты

cover Коллаж: «NewTimes.kz»

Түркістанда төрт бала мен олардың анасының өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Бірден сот-технологиялық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде сарапшылар газ желілерін монтаждау және орнату құрылыс нормаларына сәйкес емес деген қорытындыға келді. Яғни, газ жабдықтарын орнату кезінде жауапты мамандар бірқатар қателіктер жіберген, тұтынушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеді, бұл адам өліміне әкелді, - деді полицей.

2021 жылдың мамыр және сәуір айларында сот компанияның екі директорын қамауға алуға рұқсат берді.

– Тергеу жеті айға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде біз түрлі сараптамалар жүргіздік, дәлелдемелерді жинадық. Нәтижесінде айыптау қорытындысы бар іс сотқа жолданды. Елімізде жылыту маусымында адамдар қайтыс болып, кей жағдайда түгел отбасының көз жұматыны жасырын емес, - деп қорытындылады тергеу жетекшісі Жалғасов.

2021 жылдың желтоқсанында Түркістан соты өз үкімін шығарды: екі газ компаниясының директоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енгенімен, сотталушылар апелляциялық шағым түсіруге құқылы екені хабарланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар