«Сыздықбеков Берденовке қастандық жасауға тапсырыс берді»: Шымкент әкімі дау шыққанда неге үн қатпағанын түсіндірді
Фото: gov.kz
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ғабит Сыздықбеков әуелі әкімдіктің құқық қорғау органы емес екенін және сот үкімі шыққанын айтты.
Ал сол істе Берденовті атқан Жиенбайдың «Сыздықбеков Берденовке қастандық жасауға тапсырыс берді» деген сөзіне қатысты былай деді:
«Менің орынбасарым Берденов ол уақытта істегеніне бір айға толар-толмас уақыт болған. Су ресурстары маркетинг мәселесіне ешқандай қатысы жоқ. Маған баспасөз қызметі келіп көрсетіп отырады. Көптеген әңгімелер шықты. «Сол кісі келгелі бері қала жарқырай бастады» деген әңгімелерді. Ондай емес. Ол енді-енді қызметіне кірісіп жатқан кезі. Ары қарай не болғанын өзіңіз білесіз. Әр адам өз ойына құқылы ғой. Жаңағы «менің қатысым бар» деген іштен шығарған өздерінің мәселесі. Менің қалай қатысым болады? Әрине, адам өзін қорғау үшін не істемейді? Не демейді? Сол мәселе. Сот шешімі шығып, мәселе аяқталды. Енді оны қайта қайта қозғай берудің қажеті жоқ», — деді Сыздықбеков.
Еске салайық, 21 сәуір күні кешке қала әкімдігі ғимараты маңында Ернар Жиенбай Руслан Берденовке оқ атты. Ол жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Ота шамамен төрт сағатқа созылды. Күдікті оқиға орнында ұсталды.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты