Сыртқы істер министрі Ауғанстанда болған іс-сапар туралы пікір білдірді

cover

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық делегацияның Ауғанстанға таяудағы сапары туралы айтып берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Делегация Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі арнайы миссиямен барды. Халықаралық қоғамдастықта Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысқа жол бермеу туралы ортақ түсінік бар. Бұл белгілі бір қауіптерге әкеледі. Есірткі тасымалы, діни экстремизмнің өсуі босқындардың легі пайда болуы мүмкін. Бұл гуманитарлық көмек көрсету мен Ауғанстан экономикасының құлдырамауына мүмкіндік беру үшін жаңа экономикалық байланыстар орнату қажет болды, – деді министр.

Министр Ауғанстанның жаңа үкіметін халықаралық қауымдастық әлі мойындамағанын еске салды. Талибан* қозғалысы БҰҰ террористік ұйымдарының тізіміне енгендіктен. Мұны мойындау үшін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі арнайы қарар қабылдауы керек.

– Ауған үкіметінің халықаралық шоттары бұғатталған, экономикалық дағдарыс болуы мүмкін екенін бәрі түсінеді. Егер экономикалық құлдырау болса, онда бұл қауіп-қатерлерге әкелетін терең гуманитарлық дағдарыс тудырады. Қазақстан ауған халқына 5 мың тонна ұн мөлшерінде гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады. Әрине, бұл елмен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру қажет. Қазір бұл елмен саяси келіссөздер туралы сөз болып отырған жоқ. Әңгіме ауған халқына көмек туралы болып отыр, – деді СІМ басшысы.

Оның айтуынша, Ресей БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде Талибан* қозғалысын террористік ұйымдардан шығару туралы қарарды қарау және қабылдау мәселесін көтереді. Талибан* қозғалысының халықаралық құқықты, басқа елдер алдындағы міндеттемелерді сақтауына байланысты қабылданады.

  • Талибан* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар