«Сыбайлас жемқорлықтың иісі бар»: Атырауда ұзақ мерзімді құрылыс нысандары тексерілуде

cover

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енген 8 нысан бақылауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Бұл – Қызылқоға және Махамбет аудандарындағы мәдениет ошақтары, Исатай және Мақат аудандарындағы 60 пәтерлік тұрғын үйлер, Индер ауданындағы 80 пәтерлік тұрғын үй, 9 қабатты 90 пәтерлік тұрғын үй және кәріз, су құбырларының құрылысы. Қала маңындағы Талғайран ауылындағы инженерлік желілерді. Сондай-ақ Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру бекеті. 


«Бюджет қаражатының ұрлануының алдын алу мақсатында аталған нысандарға мониторинг жүргізілуде. Бұл процеске еріктілер де, жұртшылық та қосылды», - дейді «Антикор» профилактикалық қызметінің жетекшісі Саян Ахметжанов.


Жеті мердігер компания 2020 жылы қала маңындағы Талғайран ауылындағы үйлерді тапсыруы тиіс болатын. Бұл құрылысқа қазынадан 11 миллиард теңге бөлінді. Бірақ үйлер газ құбыры мен су құбыры жоқ жерде салынған. Сондықтан 1080 пәтер бос тұр. Жаңа шағын ауданды толық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша қомақты қаржы қажет. Сондықтан құрылыс тоқтатылды. Бұдан кейін әкімдік бас жоспарды әзірлеу кезеңінде барлық аумақтарға кешенді қалалық-экологиялық талдау жүргізілгенін хабарлады. Бірақ, өкінішке орай, үйлер әлі қаңырап бос тұр, өңірде баспана тапшылығы өткір.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар