«Сұлтан Сүлеймен» телехикаясында басты рөлді сомдаған актер сотталды
Фото: Instagram/ II myykosem
Түркияның танымал актерлері, «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясында басты рөлді ойнаған Халит Эргенч пен «Чукур» сериалы арқылы танылған Рыза Коджаоғлу сот үкімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Соттың шешіміне сәйкес, олар Стамбұлда өткен жаппай наразылық акцияларына қатысты іс бойынша жалған куәлік бергені үшін кінәлі деп танылған. Халит Эргенчке 1 жыл 10 ай 15 күн, ал Рыза Коджаоғлуға 1 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған. Бұл жазаның кейін жеңілдетілуі немесе балама шарамен ауыстырылуы мүмкін деген сөз.
Істің толық мазмұны жария етілмегенімен, актерлер куәгер ретінде тергеліп, тергеу барысында жалған ақпарат бергені анықталған. Бұл оқиға 2013 жылы Гези саябағында басталған экологиялық наразылықтың аясында өрбіген үкіметке қарсы митингілерге байланысты.
Актерлерге қатысты үкім түрік қоғамында, әсіресе жанкүйерлер арасында үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Көбі сот шешімін әділетсіз деп бағалап, сүйікті әртістерін қорғап жатыр.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін