Sulpak дүкені алдында заңсыз ағаш кескендер қалай жазаланады?

cover Фото: Kazakhstan Today

Sulpak дүкені алдындағы ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты сот үкімі шықты. Істі Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қарады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Сот ЖК өкілі Жанна Нұртаеваға қатысты істі жүргізді.

Ол Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша қаралды.

– Сот Жанна Нұртаеваны Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. ҚК 55-бабының 4-бөлігін қолдана отырып, 1500 АЕК мөлшерінде, яғни 4 млн167 мың теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындады. Айыппұлды төлеу мерзімі заңды күшіне енгеннен кейін екі ай деп белгіленсін, - деді судья. 

Еске салсақ, 2020 жылы Sulpak компаниясы көпжылдық Қызыл кітапқа енген 11 ағашты түбімен кесіп тастаған. Ол желі қолданушылары арасында наразылық тудырған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар