Суэц каналындағы кептеліс әлемге қанша шығын әкелді?

cover BBC

Суэц каналының жабылуынан күнделікті шығындар 9,5 млрд долларға бағаланады, деп хабарлады Orda.kz. Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Сарапшылар Суэц каналында тұрып қалған алып жүк кемесі 9,5 млрд долларлық азық-түлік пен мұнайды қоса күнделікті жеткізілімдерге тосқауыл қойып отыр деп ескертеді.

Арнаның өзінде үш кеме бұғатталған, кем дегенде 150 кеме бағыт бойынша өту мүмкіндігін күтіп отыр.

Coriolis Technologies бас директоры Кит Хардинг кеменің тұрып қалуына байланысты жаһандық сауда-саттыққа қауіп-қатер өте үлкен екенін ескертті. Айта кетсек, Суэц каналының бітелуіне байланысты мұнай бағасы бір күнде 5%-ға өскен.

Суэц каналының оңтүстік бөлігінде әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі - Ever Given 400 метрлік контейнер кемесі апатқа ұшырады. 24 наурызға қараған түні ол канал арқылы екі бағыттағы трафикті толығымен жауып қалды. Нәтижесінде Суэц каналында 100-ден астам кеменің кептелісі пайда болды.

РБК

Оқиғаға болжам бойынша ауа райының қолайсыздығы немесе электр қуатының үзілуі себеп болған. Канал әлемдік теңіз саудасының шамамен 10 пайызын құрайды. Оның өнімділігі тәулігіне шамамен 50 кеме.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ол бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар