Сағынтаев субұрқақта тоққа түскен балалар туралы айтты

cover

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев субұрқаққа қатысты оқиға туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Цирк маңындағы субұрқақта болған жағдай - жол беруге болмайтын қайғылы оқиға. Полиция қызметкерлері істі тергеп жатыр. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Еске салайық, 20 маусым күні әлеуметтік желіде Алматыдағы көшедегі субұрқақта екі қыз бен бір әйелді электр тоғы соғып, өліп қала жаздағандары айтылды. Оқыс оқиға Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанында болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар