Станислав Черчесов қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді
Фото: kff.kz
Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен не үшін кеткені туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, қаңтар айының басында ол федерацияның жаңа президенті Марат Омаровпен кездескен.
«Ол кезде біз жұмыс мәселелерін талқыладық. Мен алдағы наурызда өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындықтың нақты жоспарын айттым. Әрі жұмысқа деген көзқарасымды, қалай және қайда бет алғанымызды түсіндірдім», - дейді ол.
Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Мәскеуде ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжановпен кездескенін де айтты.
«Мен оған тағы да өз көзқарасымды айттым. Ол федерация президентімен байланысқа шықты. Функционерлер бұл жағдайда оларға басқа жаттықтырушы керек деп шешті. Бұл жағдайды заңгеріме бердім. Ол келісімшартты бұзумен айналысып жатыр», - деді Черчесов.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды