Сотталған марафоншы Марат Жыланбаев үзіліссіз аштық жариялады
Фото: Facebook / Марат Жыланбае
Адам құқығын қорғаушылар түрмеде отырған Марат Жыланбаевтың үкімге қарсылық білдіру мақсатында тағы да аштық жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
16 қазанда құқық қорғаушылар Жыланбаевтың үндеуін жариялады. Онда ол өзіне шығарылған заңсыз үкім мен мекемедегі арандатушылықтарға қарсы үздіксіз аштық жариялағанын мәлімдеген.
17 қазанда ҚАЖК сотталған Марат Жыланбаевтың аштық жариялағанын растап, келесідей ақпарат берген.
«13 қазанда үкіммен келіспеуіне байланысты ол мекеме әкімшілігіне тағамнан бас тарту туралы арыз жазды. Сонымен қатар, сотталған биологиялық белсенді қоспалар, қант қосылған шай, құрғақ сүт қосылған какао ішіп жүр, бұл бейнебақылау камераларындағы жазбалармен расталады. Оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағалануда. Ол медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында. Азаматтық сектор дәрігерлерінің тексеруінен бас тартқанын атап өтеміз» деп жазылған ҚАЖК-нің KazTAG-ке берген жауабында.
Бұған дейін, қыркүйек айында Марат Жыланбаевтың қорғаушысы Денис Малюга оның денсаулығы мен Жоғарғы сотқа дайындалып жатқан кассациялық шағым туралы мәлімдеген еді. Адвокаттың айтуынша, Жыланбаевтың бүйрегі төмен түсіп кеткен және тұз жиналып қалған.
Еске салсақ, Жыланбаев Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатыр.
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Адам құқықтары жөніндегі кеңсесінің деректері бойынша, Жұмыс тобы Жыланбаевтың бостандығынан айырылуы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жеті бабын және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің алты бабын бұзғанын анықтаған.
Бұған дейін Жұмыс тобы Қазақстан билігін Жыланбаевты босатуға, оған өтемақы төлеуге және құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға, сондай-ақ оның еркінен тыс бас бостандығынан айырылу мән-жайларын толық әрі тәуелсіз тергеуге және құқықтарын бұзған адамдарға қатысты шаралар қабылдауға шақырған болатын.
Марат Жыланбаев — қазақстандық марафоншы, ультрамарафон бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпазы әрі жүлдегері. Ол марафондық жүгіріс бойынша Гиннестің рекордтар кітабына еніп, жеті әлемдік рекорд орнатқан. Жыланбаев — әлемнің ең ірі шөлдерін: Азия, Африка, Аустралия және Америкадағы шөлдерді жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам.
Қамауға алынар алдында Жыланбаев митингілерге қатысып, жақтастарымен бірге Қазақстанда оппозициялық партия құруға талпынып, мәжіліс депутаты болуға үміткер болған.
2024 жылы Қазақстандық танымал белсенді әрі саяси тұтқын Марат Жыланбаев еліміздің түрмелерінің шынайы көрінісін көрсетті.
Биылғы шілде айында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Жыланбаевтың есінен танып қалғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады