Сот Қоспаевтың ҰҚТ ісі бойынша келтірілген шығын сомасын жариялады

cover

Сотталушылар қатарында 11 адам болды. Сот оларды рейдерлік шабуыл (ҚК 249-бабы), жымқыру (ҚК 189-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топ құру (ҚК 262-бабы) және тағы басқа қылмыстарға кінәлі деп тапты. Тағы бір сотталушыға зорлау (ҚК 120-бабы) бабымен үкім шығарылды, деп  хабарлайды Orda.kz.

Сонымен қатар сотталғандарға сот тарапынан заңсыз, қылмыстық жолмен жинаған мүлкін тәркілеу, коммерциялық мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан және алкоголь өнімдеріне қатысты қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданылды.

Тәркіленген мүліктер:
1. 78 пәтер;
2. 6 жер телімі мен 1 қойма ғимараты;
3. 10 коммерциялық ғимарат және 3 тұрғын емес уй-жай;
4. Көп пәтерлі жалпы ауданы 2482 шаршы метр 2 үй және 5 гараж;
5. 5 сауда нысаны (жерімен бірге);
6. 80 авто көлік (премиум санаттағы көліктерді бірге есептегенде), 2 дана қару;
7. Ақша және бағалы бұйымдар. 

Жәбірленушілердің пайдасына сот жалпы сомасы шамамен 6,5 млрд теңгеге келтірілген материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алды.

Жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін сатудан қылмыстық топ жеті миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Сонымен қатар, 2018-2022 жылдар аралығында топ мүшелері ЖШС-тен 4,6 миллиард теңгелік мүлікті ұрлап әкеткен. Нәтижесінде "Esentai City" ТК-дегі 133 тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар қылмыстық топ мүшелерінің, олардың туыстары мен аффилиирленген тұлғаларының пайдасына төмен бағамен сатылған.

Заңсыз жолмен алынған қаражат жоғары деңгейлі жылжымайтын мүлікті, қымбат көліктерді сатып алуға, сондай-ақ сәнді өмір салтын жүргізуге жұмсалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар