«Соңғы ерлік»: Ақтауда құлап бара жатқан ұшақтағыларды жұбатқан қыз
Фото: Report
Әзірбайжандық БАҚ ұшақ апаты кезінде жолаушыларға нұсқау беріп, сабыр сақтауға шақырған бортсерік Хёкюма Алиеваның суретін жариялады. Тірі қалған жолаушылар дәл осы қыздың батылдығын атап өтіп, соңғы сәттерде тәртіп пен байсалдылықты сақтау үшін барын салғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Report сайтына сілтеме жасап.
Хёкюма Алиеваның әкесі Жалил Алиев журналистерге AZAL әуе компаниясы өкілдері оған қоңырау шалып, көңіл айтқанын мәлімдеді.
«Қызым 2016 жылдан бері AZAL-да жұмыс істеді. Маған оның апатқа ұшыраған ұшақта болғанын айтты. Басқа ештеңе білмеймін», – деді ол.
Ал оның бауыры Джошгун Алиев апаттан аман қалғандар жеткізілген Қазақстандағы ауруханаларға хабарласқанын мәлімдеді.
«Біз оның фотосуретін жіберіп, жарақат алғандар арасында бар-жоғын анықтауға тырыстық. Дәрігерлер кейбір жолаушылардың денесін қатты күйік шалғанын, сол себепті тұлғаны анықтау қиын екенін айтты. Біз үміт үзбейміз», – деді ол.
Хёкюма Алиева 1991 жылы Кяльбаджар ауданында дүниеге келген. Ол тұрмыс құрған, бірақ балалары жоқ еді.
Апат 25 желтоқсан күні болды. AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Әзірбайжан халқы 26 желтоқсан күнін апат құрбандарын еске алу үшін қаралы күн деп жариялады.
Соңғы сапарға аттанған ұшақ жайлы толық ақпаратты тілшіміздің мақаласынан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды