Солтүстікте орыс ұлтына тіл тигізіп екі жылға сотталған жүкті әйел босанды
Коллаж: Orda.kz
«Ұлтараздықты қоздырды» деген айып тағылып, Солтүстік Қазақстанда 2 жылға сотталған 35 жастағы жүкті әйел босанып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот 35 жастағы Жансұлу Дархамбаеваны сот ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырған еді. Бүгін оның босанып алғаны белгілі болды. Бұл туралы белсенді, Солтүстік Қазақстанға қазақтарды көшіруге шақырып жүрген «Tauekel» ұйымының басшысы Бурахан Дақанов өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.
«Ал сүйінші ағайын, Солтүстіктегі Жансұлу Дархамбаева қарындасымыз дүниеге салмағы 4 келіден асатын батыр қыз әкеліпті. Екеуінің де жағдайы жақсы екен» деп жазды Бурахан Дақанов.
Ол осы әйелдің мәселесі бойынша облыс басшылығымен сөйлескенін де айтты. Оның сөзіне қарасақ, алдағы апелляциялық сотта мәселе оң шешілуі мүмкін.
«Тағы айта кетейін, ұлтараздық бабымен сотталған аяғы ауыр Жансұлу қарындасымыз жайлы облыс басшылығымен сөйлестім. Жағдайды бәрі бақылап отыр. Жансұлу қазір перзентхада. Бұйырса жақын арада аппеляциялық сот болады. Соған қарағанда жағдай оң шешілетін секілді...» деп жазды Дақанов.
Айта кетейік, бұған дейін сот барысында Жансұлу кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтқан. Ол сотта бұған дейінгі өмір жолын баяндап, мұндай әрекетке неліктен барғанын түсіндірген. Оның айтуынша, Сокологоровка ауылындағы мектепте жұмыс істеген кезінде орыс әріптестері тарапынан қысым көрген. Мектеп директоры мен ата-аналардың көзқарасы да өзгеріп, кейін ол жұмыстан шығарылған. 2024 жылы Урожайное ауылына көшіп барып, мектепке педагог-психолог болып орналасқан. Кейін директор болған. Мемлекеттік тілді мектепке енгізуге талпынған соң әріптестері мен шаруашылық меңгерушісі тарапынан қысым күшейгенін айтқан.
Еске сала кетсек, Orda.kz 35 жастағы жүкті келіншекке кесір тілігі жасалғалы жатқаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін