Содырлар пойыздағы 400 жолаушыны кепілге алды

cover Фото: freepik.com

Содырлар Пәкістандағы пойыздың 400 жолаушысын кепілге алды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Белуджистанды азат ету армиясының (BLA) содырлары Jaffar Express пойызында 400-ге жуық жолаушыны тұтқындады. Полиция мен теміржол компаниясының өкілдері ақпаратты растады. Шабуыл кезінде пойыз жүргізушісі жарақат алғаны анықталды. 

Содырлардың айтуынша, кепілге алынғандардың арасында қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де бар.

«Кез-келген әскери шапқыншылық тұтқындардың тағдырын шешеді. Осы уақытқа дейін алты әскери қызметкер қаза тауып, төрт жүзге жуық жолаушылар BLA қамауында қалды. Біз бұл операция үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз», деп хабарлады содырлар.

Қауіпсіздік күштері туннель аймағында жарылыс болғанын және таулы жерлерде содырлармен атыс жүріп жатқанын айтты. Қазірге қаза болғандар мен зардап шеккендер саны белгісіз. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар