Смайылов ЕАЭО елдеріне көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

cover Сурет: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Алматыда Армения, Беларусь, Ресей үкімет басшылары мен Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары бас қосқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Премьер-Министрі сөзінің маңызды тұстарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болды. Ол соңғы 15 жылда Қазақстан осы мақсаттарға 35 миллиард доллардан астам қаржы бөлгенін еске салды.

«Ляньюньгандағы логистикалық орталық, Қорғас құрғақ порты, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік тас жолы, Қытайдан Иранға дейінгі теміржол дәлізі іске қосылды. Каспий теңізіндегі «Құрық» және «Ақтау» порттары жаңғыртылды», — деді Смайылов.


Премьер-Министрдің айтуынша, биылдан бастап бірлескен жобаларға қаржылық көмек көрсету тетігі іске қосылады. Бұл стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға, бизнес-бастамаларды тиімді ілгерілетуге, өзара инвестицияларды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

«Мен ЕАЭО-ның барлық елдерін транзиттік және көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын», - деді Премьер-Министр.


Бұл ретте Әлихан Смайылов тауарлардың еркін өтуіне кедергі болып отырған жасырын шектеулер әлі де бар екенін айтты.

«Ортақ кедергісіз нарықты қалыптастыру және тауарлардың үшінші елдерге кедергісіз өтуін қамтамасыз ету қажет», - деді Премьер-Министр.


Оның ойынша, цифрландыру дәл осыған ықпал етуі керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар