СҚО-да інісі мен әпкесі өздеріне қол жұмсады

cover Фото: Envato

Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Найзақөкшенің айтуынша, қайғылы оқиға 28 сәуірде Айыртау ауданында болған.

22 жастағы бойжеткен бірінші болып қорада асылып, өз-өзіне қол жұмсады. Оның артында бір жарым жасар баласы қалды. Әпкесінің қайтыс болғанын білген інісі орманға қашып кетті, ол сол жерде  асылған күйінде табылды. Інісі мен әпкесі атасы мен әжесімен бірге тұрған.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде» деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан полиция департаменті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар