Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

cover

Өскемен қаласында бесқабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы Orda.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомства мәліметіне сүйенсек, Маяковский көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған.

«Құтқарушылар түтін тұмшалаған кіре берістен 8 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Анықталғандай, пәтерде тұрмыстық техника мен жиһаз жанып жатқан. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Пәтер ішінен хаски тұқымдас итінің өлексесі табылды» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына электр құрылғыларын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар