Сирияда жаңа президент сайланды: Башар Асадты экстрадициялау қарастырылуда
Фото: Aref Tammawi / AFP via Getty Images
Сирияда уақытша президент тағайындалды. «Хайят Тахрир аш-Шам» тобының жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Джулани Сирияның жаңа президенті болып сайланды. Шын есімі - Ахмед әл-Шараа, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Сирияның әскери операциялар басқармасы мәлімдеді. Сонымен қатар елде халық кеңесі, әскер, барлық қауіпсіздік қызметтері мен жасақтар таратылды. Жаңа басшыға уақытша заң шығару кеңесін құруға рұқсат берілді. Әл-Шараның өзі желтоқсан айының соңында Сирияда сайлауды ұйымдастыруға төрт жылдай уақыт кетуі мүмкін екенін айтқан болатын, өйткені дауыс беру үшін алдымен халық санағы жүргізілуі керек.
Сирияның жаңа басшылығы 60 жыл билік еткен Баас партиясын таратқанын жария етті. Партия 1963 жылы Сирияда төңкеріс арқылы билікке келген. 2024 жылы желтоқсанда биліктен кеткен Башар Асад 2000 жылдан бері партияның бас хатшысы болды.
Енді Сирияның жаңа президенті елден қашқан Башар Асадқа сұрау салды. Башар Асад пен оның жақын серіктестерін экстрадициялау туралы талапты Сирияның жаңа жетекшісі Ахмед аш-Шараа Ресей Федерациясының делегациясымен келіссөздер кезінде алға тартты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды