Сирияда соғысқан қазақстандықтар сотталды

cover Фото: Elements.envato.com

Арнайы қызметтің мәліметінше, сотталғандар 2020-2022 жылдары террористік топтарда болған, деп хабарлайды Orda.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде айтылғандай, екі қазақстандық халықаралық арнайы операция кезінде Сирияда ұсталды, оған шетелдік серіктестер де қатысты. Ұсталғаннан кейін террористер Отанына жеткізіліп, сотталды.

«Олардың бірі, Түркістан облысының тұрғыны террористік топ қызметіне қатысқаны үшін  (ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша) кінәлі деп танылды. Екінші, Атырау қаласының тұрғыны осындай қылмыс жасағаны үшін,  (ҚР ҚК 260-бабы бойынша) сондай-ақ, шетелде террористік дайындықтан өткені үшін сотталды», деп Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Олардың  қанша жылға сотталғаны жайлы ҰҚК нақтыламады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар