Сирия премьер-министрі билікті беруге дайын екенін мәлімдеді

cover Фото: Xinhua News Agency/picture alliance

Сириялық көтерілісшілер Хомсты басып алғаннан кейін ел астанасы Дамаскке басып кіргендерін айтты. Сирия премьер-министрі Мұхаммад Ғази әл-Джалали мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Премьер-министр Сирия халқы таңдаған кез келген басшылықпен ынтымақтасуға және билікті «беру» үшін кез келген шара қолдануға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Сауд Арабиясының Al Arabiya телеарнасы.

«Бұл ел қалыпты ел, көршілерімен және бүкіл әлеммен жақсы қарым-қатынас орнататын ел болуы мүмкін (...), бірақ бұл мәселені Сирия халқы сайлаған кез келген басшылық шешуі керек. Біз оған барлық жағдай жасау үшін онымен ынтымақтасуға дайынбыз» деп мәлімдеді үкімет басшысы Facebook желісіндегі парақшасында.


Ол «Сирия мемлекетінің барлық институттарын» сақтауға шақырды және мемлекеттік істерді одан әрі басқаруды қолдауға дайын екенін айтты.

Бұл ретте әл-Джалали ешқандай лауазым мен артықшылықтарға мұқтаж емес екенін атап өтіп, өз үйінде екенін және одан кетуге ниеті жоқ екеніне сендірді.


Франс Пресс агенттігінің көтерілісшілер жетекшісіне сілтеме жасап хабарлауынша, Дамасктегі мемлекеттік мекемелер билік ресми түрде ауысқанға дейін премьер-министрдің бақылауында болады.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар