СІМ қызметкері екпеден кейін көз жұмды – жалған ақпарат

cover

ҚР Сыртқы істер министрлігінің 39 жастағы қызметкері коронавирусқа қарсы екпеден кейін келесі күні көз жұмды деген ақпарат тарады.

Бұл туралы Orda.kz Stopfake-ке сілтеме жасап хабарлады.

1 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған хабарламада қайтыс болған қызметкердің суретінің орнына өзге азаматтың суреті қойылған. Суреттегі азамат – Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Бақтияр Шакиров. Оның өлімінің ресми себебі әлі анықталмаған.

Марқұмның Covid-19 вакцинасын алған алғашқы қырғыз азаматтарының бірі екендігі хабарланды. Ол қытайлық SinoPfarm препаратымен егілген деген болжам жасалды. 2 сәуірде Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі Бақтияр Шәкіровке коронавирусқа қарсы екпе алды деген қауесетті жоққа шығарды.

– Вакцинациялау жоспарына сәйкес, бірінші кезеңде вакцинаны медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер алады. Дипломатиялық құрылымдардың қызметкерлері бұл тізімге енбеген, - деді көрші елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Сыртқы істер министрлігінің қайтыс болған қызметкеріне вакцина егілгені туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің экс-баспасөз хатшысы Елена Баялинова өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Кейінірек ол Шакировтың вакцина салдырғанынан хабарсыз екенін айтқан. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің назарын аудару үшін оның өлімін вакцинациямен байланыстырды.

Айта кетсек, SinoPfarm вакцинасы қазіргі уақытта Қазақстанда қолданылмайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар