Шымкенттік полицей Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады

cover Видеодан алынған кадр

Шымкенттік полицей президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жергілікті полиция бастығының үстінен шағым түсірген видеоүндеу жолдады. Оның айтуынша, бастық оны ұзақ уақыт бойы қымбат заттар алуға мәжбүрлеген.

Сондай-ақ ол бейтаныс біреулер оның жазған рапортын қайтарып алу үшін 10 миллион теңге ұсынып жатқанын жеткізді. Халқыма адал қызмет етемін деген полиция қызметкері істің ұзаққа созылып кеткенін де жасырмады.

Видеоны журналист Михаил Козачков телеграм-каналында жариялады. Қызметкердің айтуынша, ол Шымкент қалалық ішкі істер басқармасында рота командирі болып жұмыс істейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар