Шымкенттік әйел баланы терезеден лақтырып жіберді

cover

Шымкентте әйел баланы үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді.

Оқиға кешкі сағат тоғыздар шамасында Ильяев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Бала көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.

Көршілер мен куәгерлердің дәрігерлерге айтуынша, туысы сәбиді терезеден лақтырып жіберген. Алайда оқиғадан кейін 40 жастағы әйелдің жындыханаға жеткізілгені белгілі болды.

«Сұмдық оқиғаға не себеп болғаны және ата-анасы баланы психикалық аурумен ауыратын туысқанына неліктен қалдырғаны әзірге белгісіз. Әр нұсқа болжам ғана. Бұл іске полиция нүкте қояды» деп жазады басылым.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар