Шымкенттегі жолға таласып, кісі өлтіргендерге қатысты тағы үш күдікті ұсталды
Шымкенттегі жолға таласып, соңы кісі өлімімен аяқталған оқиға бойынша полиция тағы үш күдіктіні ұстады, олар Түркістан облысы аумағында жасырынып жүрген, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция Шымкенттегі жол-көлік оқиғасынан кейін адам өлтіру ісіне күдікті тағы үш адамды ұстады, бұл туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді. Оның айтуынша, олар Түркістан облысы Түлкібас ауданының аумағында жасырынған.
Жол апатынан кейін жүргізушілер мен автокөлік жолаушылары арасында жанжал болып, оқиғаға қатысқандар бір-біріне пышақ жарақатын салған болатын. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Жанжалдың тағы бір қатысушысы, 36 жастағы ер адам ауыр күйде ауруханаға жеткізілді.
Келесі күні Шымкентте осы шулы оқиғаға қатысқан төрт адам ұсталды. Олар кісі өлтірген және бұзақылық жасаған деген күдікпен қамалды. Олардың бәрі уақытша ұстау изоляторында жатыр.
Еске салсақ, оқиға 20 қаңтар күні Шымкент қаласындағы Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Екі автокөліктің жүргізушілері мен жолаушылары арасында жанжал туындап, соңы адам өлімімен аяқталған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды