Шымкенттегі қызметкерлерді лайк басуға мәжбүрлеген басшы жазаланды

cover Фото: Pixabay.com

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығының» басшысы әлеуметтік желідегі қызметкерлердің шағымынан кейін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жастар ресурстық орталығының басшысы жазбаша жазаланды. Ішкі саясат басқармасы бұл мәселе екі қызметкер арасындағы ішкі жанжалдан туындағанын айтты.

«Өкінішке қарай, қазір алдымен әлеуметтік желілерде шу шыққаннан кейін ғана іс қаралады. Иә, бұл жағдайда ЖРО басшысы артық кетті. Қызметкерлерді мәжбүрлеу мүмкін емес. Егер сіз әлеуметтік желілердегілерге ұнағыңыз келсе, онда расында жағымды іс-әрекетпен ұнауға тырысу керек. ЖРО басшысына қатысты тәртіптік жаза беру туралы шешім қабылданды», — деп түсіндірді ішкі саясат және жастар басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Бұған дейін Әйгерім Жұмағұлова осы дауға қатысты шара қолданатынын  айтқан еді. 

«Мен осы жайлы жазбалар жарияланғаннан бастап хабардармын. Жұмыс жоспарын белгіледім. Жағдай бойынша әділетті және обьективті шешім қабылданады», — деді Әйгерім Жұмағұлова. 

Еске салайық, әлеуметтік желіде «Жастар ресурстық орталығының» желідегі парақшасында лайк баспаған қызметкерлердің тізімі тараған еді. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар