Шымкенттегі балалар үйінен екі қыз қашып кетті

cover polisia.kz

Шымкенттегі №3 балалар үйінің екі тәрбиеленушісі 5 ақпан күні сағат 19:20 шамасында мекемеден шығып, кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz порталы Оtyrar сайтына сілтеме жасап.

Кейбір мәлімет бойынша, 2007 жылы туған қыздар екі жігітпен көлікке мініп, кетіп қалған.

Полицейлер балалар үйінен қашып кеткен қыздарды бірнеше сағат бойы іздеді. Олар табылып, қазіргі уақытта Шымкенттегі жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар