Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады

cover Фото: Pixabay

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам баланы соққыға жыққаны түсірілген бейнеролик тараған болатын. Кейін соққыға жыққан ер адам жасөспірім болып шықты және ол бір-бірімен көрші тұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, екі бала сөзге бола жанжалдасқан.

«Оқиғаға қатысқан балалар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тергеу кезінде кәмелетке толмағандар арасында жанжал болып, арты әлімжеттікпен аяқталған. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы көшеде 5-сынып оқушысын кездестіріп, оған күш қолданған», - деп жазды полиция департаменті өкілдері. 

Полиция қылмыстық іс қозғап, 10-сыныпта оқитын оқушының ата-анасын балаға дұрыс тәрбие бермегені үшін жауап тартты. Іс материалдарды кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар