Шымкентте жеке қайырымдылық қоры оқушы қыздарды отбасынан заңсыз тартып алды
Фото: otyrar.kz
Шымкенттегі жекеменшік қайырымдылық мекемесінде 40-қа жуық мектеп жасындағы қыз ата-анасының қарауынсыз тұрып келген. Бұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Orda.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Кооперативті қайырымдылық қоры 28 отбасының қыздарын қамқорлыққа алған, олардың ата-анасы ешқандай қарсылық көрсете алмаған. Кейбір оқушы қыздар онда бірнеше ай, басқалары үш жылға дейін тұрып келген.
Мамандардың айтуынша, қор әділет органдарында ресми тіркелген, бірақ балалар мен жасөспірімдерді оқыту құқығы болмаған. Оның қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Бұл жағдайды мекеме басшылығы білген. Бұзушылықты анықтаған соң директор мен әкімшілікті қатаң жауапқа тарттық. Сондай-ақ оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, ақпаратты жасырғаны үшін сынып жетекшілерінің жауапкершілігін де қарастырдық», – дейді Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Абылаев.
Заң бұзушылық анықталған соң, қайырымдылық қорында тұратын 33 қыз уақытша оқшаулау және бейімдеу үшін қала орталығына жіберілді.
Олардың барлығы №24 мектепте білім алған.Оқушылардың отбасында тәрбиеленбейтінін мектеп әкімшілігі мен ұстаздары білгенімен, құзырлы органдарға хабар бермеген.
Қазір балаларын қараусыз қалдырған ата-аналардың да, шара қолданбаған мұғалімдердің де жауапкершілігі қарастырылуда.
Жаңалықтар
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды