Шымкентте шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне жағдай жасағандар ұсталды

cover Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция мәліметінше, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарын ел аумағына заңсыз кіргізіп келген. 

Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленген. Сонымен қатар қомақты қаражат пен тіркелмеген қару табылды. 

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Кейінгі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар