Шымкентте Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбай басқарған компания тексеріледі
Фото: Яндекс
Руслан Берденовке қастандық жасау ісі мен үйлерге күрделі жөндеу жүргізу арасындағы байланыс ресми түрде расталмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС бұрынғы басшысы Ернар Жиенбай мен қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов арасындағы жанжалдың неден шыққаны талқыланып жатыр. Берденовке жасалған қастандықтан бірнеше күн бұрын жиналыс өткен. Бір болжамдар бойынша, жиналыста үйлерді күрделі жөндеуге бөлінген 3,4 млрд теңгені қайда жұмсағанын түсіндіру талап етілген.
Адвокаттардың айтуынша, жауап алу кезінде Руслан Берденов Ернар Жиенбаймен жұмыс бойынша ешқандай келіспеушілік болмағанын айтқан. Оның айтуынша, ол тек тапсырмалардың орындалу барысы мен міндеттерін білгісі келген.
Ал ЖШС-ның құрылтайшысы Шымкент қаласының әкімдігі.
2023-2025 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде компанияға:
- 2023 жылы 1 млрд теңге;
- 2024 жылы 1,4 млрд теңге;
- 2025 жылы 1,9 млрд теңге берілген.
Ал 2024 жылы 15 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бірақ 10-нан астам нысанда жұмыстар әлі жалғасып жатыр.
Айта кетейік, айыпталушы Ерлан Жиенбай оның әйелінің суретіне лайк басып, «әдемі екенсің» деп жазғанын айтқан болатын. Сот ісі әлі де жалғасады, келесі сот отырысында куәгерлерден жауап алу жалғасады.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды