Шымкентте полицей миллион теңге салынған әмиян тауып алды

cover

Жоғалған миллион теңгесі бар әмиянды Шымкентте учаскелік полиция қызметкері иесіне қайтарып берді.

Абай аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын Үміт Әбдімүтәліпова көмек сұрап арызданған. Әйелдің айтуынша, ол сауда орталығында сауда жасап жүріп, көп ақша, құжаттар мен банк карталары салынған әмиянының жоғалтып алған. Бір сағатқа жуық сәтсіз іздеулерден кейін әйел полиция көмегіне жүгінуді шешті.

«Бүгін сауда орталығына келген кезде мен әмиянымның жоғалғанын білдім, оның ішінде бір миллион теңгеге жуық ақша бар. Біз бір сағаттай өзіміз іздестірдік, содан кейін полицияға хабарластым. Учаскелік полиция қызметкері оны аман-есен қайтарып берді. Рахмет», -  деді ол.
«Шақыру бойынша оқиға орнына №1 учаскенің инспекторлары келіп, олар азаматтан жауап алған соң бағыт бойынша қарай бастады. Нәтижесінде жарты сағат ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев үйлердің бірінен креслоның астынан әмиян тауып алды, оны ішінде бар қаражатымен заңды иесіне қайтарды» делінген хабарламада.

Бақытты әйел тәртіп сақшысының жедел жұмысы мен адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді. Учаскелік полиция қызметкері оның көмегіне мұқтаж жандардың үмітін ақтауға әрқашан бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар