Шымкентте құлдықта болған 60 өзбектің арасында кішкене балалы отбасы болған
Шымкент ПД
Еңбек құлдығында болған Өзбекстаннан келген қарақалпақтардың ішінде тұтас бір отбасы болған. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының директоры Шахноза Хасанова айтты.
Айтуынша, қолында кішкентай баласы бар әйелі күйеуімен бірге кірпіш зауытында жұмыс істеген. Ер адам жұмысшы ретінде пайдаланылса, әйел тамақ дайындаған. Бірақ олар жалақы алмаған. Өзбекстан азаматтарын ауылдастары жұмысқа тартқан, дейді қоғам қайраткері. Оларға уәде етілген ақша төленбеген.
«Жергілікті қазақстандық жұмыс беруші адамдарды осында жұмысқа әкелу үшін алдын ала белгілі бір мөлшерде аванс берілген бригадирді жалдаған. Осылайша олар адамдарды қарыздар етіп қойған. Адамдар жұмысқа келгенде белгілі бір мөлшерде аванс алып қойған. Біреулері қыркүйекте, кейбірі тамызда келеді. Олар қара жұмыс істеді», - дейді «Сана сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығының директоры.
Қоғам белсендісінің айтуынша, келген бойда шетелдіктердің құжаттарын тартып алған. Әркімнің әңгімесі әртүрлі. Кейбіреулеріне бірнеше ай бойы жалақыларын төленген. Қалғандары әуелі тегін жұмыс істеп, кейін ақысын алған. Уақыт өте келе олар ақша төлеуді мүлдем тоқтатқан. Шахноза Хасанованың айтуынша, кебіріне жалақы Өзбекстандағы туыстарына аударылған, жұмысшылар қолдарына ақша алмаған.
«Адамдар ақша сұрай бастағанда оларға психологиялық және физикалық күш қолданылған. Жұмысшылар өз беттерінше кірпіш зауыты аумағынан шыға алмаған. Қожайындары оладың құжаттарын алып кетіп, қызмет өткеру ережелерін бұзғаны үшін қамауға алынуы мүмкін екенін айтқан», - дейді қоғам белсендісі.
Қоғам белсенділерінің пікірінше, Қазақстан Орталық Азиядағы шетел азаматтарын жұмысқа қабылдайтын Ресейден кейінгі екінші мемлекет. Көрші елдермен салыстырғанда біздің экономика табысты, оның үстіне Қазақстан транзиттік ел.
Еске сала кетейік, жақында Шымкентте бірнеше кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Полицияның хабарлауынша, олар Өзбекстанның 60 азаматын еңбек құлдығында ұстаған. Күдіктілердің үстінен бірден бірнеше бап бойынша іс қозғалды.
«Бүгінде 25 шетелдік жұмысшы «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымының қамқорлығында болса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдау бөліміне орналастырылды. Полицияға күдіктілерге қатысты шетелдік азаматтардан үш ресми мәлімдеме түсті. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126 бабы «Еңбекті қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру» және 389-бабы «Өзбырлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - деді Шымкент қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Құдияр Нұрсейітов.
Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп, шетелдіктерден жауап алынуда. Олармен заң орталығының заңгерлері де жұмыс істейді.
Осыған дейін Orda.kz редакциясы адам саудасына қатысты көптеген қылмыстық істер неге сотқа жетпей, кінәлілер жеңіл жазаға тартылып жатқаны және құрбан болғандар мемлекет тарапынан қандай көмек күтетіні туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
- «Әр бал үшін 7 мың теңге»: Ақтөбеде оқушыларға «ҰБТ-ны оңтайластырған» мұғалім сотталды
- Жаңа конституцияның жобасы таныстырылды
- Ұлыбританияда терроризм үшін сотталған исламист жергілікті сайлауға түспек
- Шымкентте ер адам бейтаныс әйелді «түрі ұнамағаны» үшін пышақтап өлтірді
- 89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болды
- Алматыда мопед жүргізушісін қағып қашып кеткен адам екі тәуліктен бері табылмады
- Қойнауы қазынаға толы кенді қала Жезқазғанның шұрық-тесік жолдары
- Қырғызстанда 16 жастағы қыздың шашын тақырлап алып, соққыға жыққан
- «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері көз жұмды
- «Қайрат» Чемпиондар лигасында соңғы орын алса да 11,6 млрд теңге тапты
- Трамп қатты аяз кезінде шабуылды тоқтату жөнінде Путинмен келісім болғанын мәлімдеді
- Маңғыстау облысында 7 баланың әкесі әйелін пышақтап өлтірді
- Шығыс Қазақстанда бірден екі шенеунік пара алды деп айыпталды
- Қосшыда спорттық жаттығу кезінде 10 жастағы қыз көз жұмды
- Түркістан облысында 3 полицей 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
- Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді
- Алматы қаласында жүздеген миллиард теңге тиімсіз жұмсалған — Жоғары аудиторлық палата
- Президент қабылдауында болған Алматы әкімі не айтты?