Шымкентте келіншекті өлтіріп, мәйітін қоқыс маңына тастаған жасөспірімге жаза мерзімі ұзарды
Фото: Orda.kz
Шымкент қалалық сотында қоғамды дүр сілкіндірген Диана Оңғарбаеваның өліміне қатысты қылмыстық істің апелляциялық сотының үкімі шықты. 26 жастағы келіншекті пышақтап өлтіріп, мәйітін қоқыс маңына жасырған жігіттің жаза мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Orda.kz.
17 жастағы бозбала бірінші сатыдағы сотта 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған еді. Бұған келіспеген жәбірленуші тарап апелляцияға беріп, ақыры үкім өзгерді.
«ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен және 188-баптың 1-бөлігімен тағайындалған жазаны толық қосу арқылы түпкілікті 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленуші Қарлығаш Оңғарбаеваға моральдық зиян өтемақысы ретінде 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін, Айдана Оңғарбаеваға 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін, Жаппаровтың пайдасына 6 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылсын», — деп үкімді оқыды Шымкент қалалық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков.
Судья заңда кәмелетке толмағандарға жаза мерзімін 7 жыл 6 айдан асыруға болмайтынын да тілге тиек етті. Сондықтан бірінші сатыдағы сотта ең жоғары жаза берілгенін де айтты.

«99 баптың 1-бөлігінде «Қасақана адам өлтіру» айыбын таққан. Сонымен қатар бірінші сатыдағы сот сотталғанды ҚР ҚК 314 бабының 1-бөлігі «өлген адамды қорлау» қылмысы бойынша ақтаған. Бірінші сатыдағы соттың жасаған қорытындысымен сот алқасы келіседі. Мәйітті қорлау болмаған. Ол қылмысын жасыру мақсатында адам көрмейтін, тасалау жерге алып барған. Осылардың барлығына сот алқасы баға бере отырып, түпкілікті тағайындалған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын жеңіл деп санап, ұрлық бойынша жазаны толық қостық», — деді Бәйдібек Дүйсебеков.
Алайда, шыққан үкіммен марқұмның анасы мүлде келіспеді. Қызымның 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлады деген Қарлығаш Оңғарбаева бұл сұмдықты сотталушы тергеу кезінде мойындаған деп отыр. Бірақ, сот басталғанда алғашқы айтқанынан айнып, кінәсіне дәлел табылмапты.
«Бұл үкімге келіспеймін. Әділетсіз. Сот мүлде әділ өткен жоқ. Сотталған бала кәмелетке толмаған деп барлық жағдайды жасап беріп отыр. Сонда кәмелетке толмаса, осындай қылмыс істей бере ме? Бала мәйітті зорлаған. Жыныстық қатынасқа түскен. Бала оны тергеуде мойындаған. Соның бәрін жоққа шығарып отыр енді. Бұл жерде бәрі ақшамен шешіліп жатыр деп ойлаймын. Тергеу басынан дұрыс жүргізілмеген. Шикіліктің барлығы содан кетті. Мен Жоғары сотқа жүгінемін», — деді жәбірленуші Қарлығаш Оңғарбаева.
Еске салайық, былтыр тамызда Шымкенттегі қоқыс маңынан 10 күн бұрын жоғалған 26 жастағы келіншектің пакетке оралған мәйіті табылған еді. Желке тұсынан 10 рет пышақталған мәйіт 10 күн бойы далада жатқан.
Белгілі болғандай оны 16 жастағы жігіт үй тазалауға шақырып, артынша азаптап өлтірген. Айыптау актісінде сотталушы мәйітпен жыныстық қатынасқа түскені айтылған. Алайда, сот барысында бозбала бұл сөздерінен айнып, ақыры бұл бап алынып тасталды. Ол да қанды оқиға болған үйге құрылыс жұмыстарын істеуге барып, дәл сол күні жалғыз қалған екен. 10-сынып оқушысы марқұмның ұялы телефонын да сатып жіберген.
Сотта дәл осы ұрлық ісіне жаза мерзімі толықтырылып, 8 жыл 6 айға ұзартылды. Ал, марқұм Диананың артында 2 қызы мен күйеуі қалды.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Шымкент
Оқи отырыңыз:
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты
- Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
- Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген ер адамға іздеу салынды
Жаңалықтар
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады