Шымкентте кәмелет жасына толмаған 2 қыз жыныстық құлдықтан құтқарылды

cover Фото: freepik.com

Шымкентте полицейлер 15 және 16 жастағы екі қызды жыныстық құлдықтан құтқарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Екі жасөспірімді бір 22 жастағы қыз Алматы мен Тараздан алдап шақырған. Бойжеткен оларды пәтерге орналастырған, бірақ не үшін екенін түсіндірмеген.

Босатылғаннан кейін қыздар Шымкент қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет орталығына орналастырылды. Оларға мамандар психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

«Бізге келгенге дейін қыздарды алдымен жастарды бейімдеу орталығына жіберді. Алайда тергеу шаралары барысында олардың жыныстық қанаудың құрбаны болғандығы анықталды. Осыдан кейін ата-аналардың рұқсатымен олар біздің орталыққа ауыстырылды»,  деп хабарлады орталықтағылар. 

Айта кетерлігі, соңғы бес жылда қалада адам саудасына қатысты 15 оқиға анықталған. 

Еске салайық, Қырғызстанда әйелін қызғаныштан атып өлтірген күйеуі 18 жылға сотталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар