Шымкентте екі баласын өлтірді деген әйел ұсталды

cover

Әйел балаларын жастықпен тұншықтырып, қонақүйде жасырынғаны белгілі болды.

«Оны іздеуге облыстық полиция департаментінің, көршілес облыстар мен мегаполистердің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергелуі менің жеке бақылауымда», - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.


Қылмыстың себебі әлі белгісіз.

Еске салайық, 7 ақпанда Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі кішкентай баланың мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жіберілді. 

Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің сөзінше, күдікті құрбысына балаларының қайтыс болғанын және олардың мекенжайын айтқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар