Шымкентте депутат жалған көлік нөмірімен жүрген
Фото: бейнеден кадр
Түркістан облысының мәслихат депутаты бірнеше жол ережесін бұзып, жалған көлік нөмірімен жүрген, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде «777» нөмірлі Lexus автокөлігінің жүргізушісі жолда ереже бұзған сәті түсірілген видео тарады. Көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, тоқтап, жолаушыны түсіріп кеткен. Қозғалыс барысында жүргізуші де, жолаушы да белдік тақпаған. Оқырмандардың айтуынша, жүргізуші AMANAT партиясының мәслихат депутаты Ерғали Аманбаев.
Тексеру нәтижесінде ол ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Жалған тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқару, қарсы жолақпен жүру, міндетті сақтандырудың болмауы, қауіпсіздік белдігін тақпау, тыйым салынған орындарда кері жүру, сондай-ақ қозғалыс алдындағы сигнал беру талабын орындамау», деп хабарлады қала полициясы.
Құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды