Шымкентте әйелді зорлап, соққыға жыққан ер адам ісін жылы жаппақ болды
Фото: Pixabay
Шымкентте әйелге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық ісінде жәбірленушінің денесіндегі жарақаттарға қарамастан, прокуратура ешқандай шара қабылдамай отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокат Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желісінде Шымкентте әйелге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық ісі тергеліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жәбірленуші дене жарақаттарын алған, алайда сараптама оларды жеңіл деп таныған.
Адвокат кешенді қайталама сараптама жүргізу туралы өтініш бергенімен, тергеуші бұл өтінішті қабылдамаған.
Ал прокуратура шағымдарға қарамастан ешқандай шара қолданбай отыр.
«Қазіргі іс бойынша азаматшаға қатысты жыныстық зорлық зомбылық дерегі тіркелген. Жәбірленушіге жасалған әрекет нәтижесінде айтарлықтай дене жарақаты бар екені анық. Дегенмен алғашқы сот-медициналық сараптама “жеңіл жарақат” деген қорытынды берген. Біз мұнымен келіспей, комиссиялық кешенді сот-медициналық сараптама тағайындау туралы өтініш жасадық. Алайда тергеуші бұл өтінішті қанағаттандырусыз қалдырды», – деді Орынбек.
Сонымен қатар, адвокат: «жәбірленушіні емес, қылмыскерді қорғап жатқан сияқты» деп жазды.
Шымкенттің полиция департаменті оқиғаға қатысты оқиғаның 12 қыркүйекте болғанын әрі қазіргі уақытта қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын айтты.
«Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адам сол күні-ақ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс материалдарының толықтығын қамтамасыз ету үшін қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олар дәлелдеме базасын нығайтуға бағытталған», деп мәлімдеді полиция.
Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?