Шымкент зообағының мейманы түйеқұсты тепкілеп тастады

cover Фото: Elements.envato.com

Шымкенттегі зообақта құсты ұрған ер адамның тыйым салынған деген белгіге қарамай, қоршауға өзі кіргені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Шымкент зообағының өкілдері бұл жағымсыз оқиға туралы Instagram-да хабарлады. Оқиға 25 мамыр кешке болған. Ер адам «қоршаудан өтуге тыйым салынады» деген жазуды елемей, түйеқұстардың қоршауына кіріп, құсты тепкен. Ол басқа жануарларды да қорқытқан.

Куәгерлер оның әрекетін бейнежазбаға түсіріп алған.

«Бұл — жабайылық. Жануарлар — ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеледі, таяқ тиген жері ауырады. Егер жануарларға деген аяушылық сезімің болмаса, оларға жақындама. Кедергі жасама. Зиян келтірме» деп жазылған жазбада. 

Зообақ өкілдері қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуге дайын екендерін жазды. Желі қолданушылары болса, еш күтпей, бірден полицияға шағымдануды ұсынды.

Еске сала кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылған еді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар